“Медицина қызметкерлері күні” мерекесі қарсаңында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетіп, халық денсаулығын нығайтуға атсалысып жүрген белсенді дәрігерлер мен орта буын мамандарын Бикен Римова театрында құттықтап, марапат пен сыйлықтар тапсырды. Өз сөзінде Бейбіт Өксікбайұлы: – Ұлттық медицина саласы қарқынды дамып келеді, жетістіктерде аз емес, елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы жетпіс бес жастан асты, ана мен бала өлімі он екі пайызға азайды, облыс көлемінде медицинаға бөлініп жатқан қаржының жылдан-жылға ұлғайып келеді. Жылдан жылға денсаулық сақтау нысандары халықтың қажеттілігін өтеу үшін көптеп салынады. Бұл жұмыс тоқтамайды, облыс көлемінде алдағы уақытта да инфрақұрылымдарды дамыта бермекпіз. Жиналған қауым әкім құттықтауын, Жетісу өңіріндегі медицина саласының жетістіктері мен кейбір жетпей жатқан, бірақ болашақта орындалатын мақсаттарын ықыласпен қабылдады.
“AQNIET” кәсіподағы өз тарапынан ХЕҰ-ның N149 Конвенциясын ратификациялауға күш салуда, оның арқасында мейірбике мәртебесі көтеріліп, еңбек жағдайлары жақсартылады.
Жақын-алыс мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып, кәсіби және кәсіподақ қозғалысындағы озық ой-тәжірибелері қолданысқа енгізілуде.
Филиал атынан мереке қарсаңында, бастауыш кәсіподақ комитеттерінің ‘үздік’ деп таныған елуге жуық орта буын және он сегіз дәрігерлерге *тегін* жолдамалар берілді, жүзден астамы әртүрлі марапатқа ие болды. Оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің төс белгісі, Алғыс хаты, “AQNIET” кәсіподағы Орталық Кеңесінің төс белгісімен Құрмет грамоталары.
Әкімшілік, денсаулық сақтау басқармасы және кәсіподақ тарапынан жасалған игі шаралар әріптестерімнің еңсесін көтеріп, еңбекке деген құлшынысын арттырары сөзсіз.
Кәсіподақ мүшелеріне, әріптестеріме мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізде табысқа кенеле берулеріңізді тілеймін!
Кәсіби біліктіліктеріңіздің шынына жетіп, қандайда болсын кедергілерді бағындырып, биіктен көрінулеріңізге тілектеспін!!!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU