АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

2025 жылғы маусым айының алғашқы жартысында Ақтау қаласында медицина саласы қызметкерлеріне арналған ерекше спорттық іс-шара өтті.
«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық филиалының қолдауымен облыстық медициналық мекемелер арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.
Іс-шара Медицина қызметкерлері күніне орай өткізілді және спорт арқылы ұжымдық рухты арттырып, саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат етті.
🔹 Турнирге Ақтау, Жанаөзен қаласының, Бейнеу, Мұнайлы және Тұпқараған аудандағы мекемелерінен құралған бірнеше команда қатысты.
🔹 Ойындар қызу тартысқа толы өтіп, командалар өз шеберліктерін, ауызбіршілігін және спортқа деген қызығушылығын көрсетті.
🔹 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге AQNIET кәсіподағы атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
🗣️ Филиал төрайымы Жанна Сайым турнирдің жабылуында сөз сөйлеп, барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, салауатты өмір салтын дәріптеуге қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU