17 қаңтарда «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы барлық өңірлердегі Кәсіподақ өкілдеріне «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау. Нөлдік жарақат туралы түсінік (Vision Zero)» тақырыбына вебинар өткізді.

Іс-шара кәсіподақ қызметкерлері мен техникалық инспекторлар үшін өткізілді, бұл еліміздің медицина ұйымдары мен мекемелерінде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға кәсіби көзқарастың маңыздылығын көрсетеді.

Семинар спикері «AQNIET» Кәсіподағының бас инспекторы – Б. Базилов болды. Кәсіпорындарда қауіпсіз жұмыс тәсілдерін енгізу бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Спикер өз тәжірибесімен бөлісіп, мысалдар келтірді. Сондай-ақ қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, жарақаттануды нөлге дейін төмендетудің заманауи стратегиясы болып табылатын Vision Zero тұжырымдамасы туралы түсініктеме берді. Еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі кәсіподақтардың басты рөлі – қызметкерлердің мүдделерін қорғау мәселелері қаралды. Тәуекелдердің алдын алу және басқару арқылы еңбек жағдайларын жақсарту бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Вебинар еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген (50-ден астам адам) қатысушыларды қамтыды және жоғары деңгейде өтті. Кәсіподақ өкілдері, еңбекті қорғау инспекторлары мен ұйымдардың қызметкерлері қарастырылып отырған мәселелердің маңыздылығын және Vision Zero тұжырымдамасын жұмыс процестеріне енгізудің өзектілігін атап өтті. Қатысушылар пікірталасқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз бақылауларымен бөлісті.

Осындай іс-шараларды ұйымдастыру «AQNIET» Кәсіподағының өз мүшелерін қолдауға, еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге деген ұмтылысын тағы да растайды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU