Жаңаөзен қалалық емханада бастауыш кәсіподақ ұйымының алғашқы рет есеп беру, сайлау конференциясы өтті
22 тамызда №1 Жаңаөзен қалалық емханада бастауыш кәсіподақ ұйымының алғашқы рет есеп беру, сайлау конференциясы өтті.
Конференцияның жұмысына «AQNIET» Қазақстандық деңсаулық
сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық
филилының төрайымы Жанна Сайым қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айжан
Курманова есеп беріп, тексеру комиссиясы тиісті жұмысы жөнінде жиналғандарға ақпарат ұсынды.
Жиында сөз алған кәсіподақ төрайымы өзінің баяндамасында кәсіподақ
ұйымы 2023 жылы 31 мұшесімен құрылып, қазіргі танда қатарында 124
жұмысшылар бар екенің айтып өтті.
– Кәсіподақтын жұмысы өкілдік ету, мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау болады. Ал
сайланған алқа мүшелері ең бастысы – көпшіліктін сенімін ақтап, қоғамдық жұмысқа беріліп, адал еңбек ету қажет. Тек сонда ғана бір нәтижеге жетуге болады. Біз, аз ғана уақытта, өз мекемемізде,
көптеген, еңбек қатынастырына байланысты мәселелерді шеше
алдық. Меңімен бірге, Алия мен Альфия үшеуіміз, бір жұдырықтай
жұмылып жасадық. Қойылған сауалдарға жауабын таба алмағанда,
облыстық филиал төрайымы Жанна Салиқызынан көмек-қолдау көре
білдік. «AQNIET» салалық кәсіподақ ұйымының, «жария – игілік» бағытында тандаған сара жолынаң таймадық.
Сонымен қоса, Айжан Курманова, есеп беру кезінде кәсіподақ тарапынан атқарылған жұмыстар жөнінде, атап айтқанда балаларды лагерьге
жіберу, марапаттау және мәдени іс шараларды ұйымдастыру мәселелеріне жан жақты тоқталып өтті.
Бұдан бөлек, бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары мен
міндеттері туралы айтылып, оларға заң аясында нақты түсініктер берілді.
Сонымен қатар, жиын барысында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерге
қатысты өзара пікір алмасып, өздерінің сауалдарына тұшымды жауаптарын алды.
Жиналыс соңында бірқатар кәсіподақ мүшелері сөз сөйлеп, қайтадан бір ауыздан қолдап, сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы
Айжан Курманова мен алқа мұшелері Алия Кубигулова мен Альфия
Абылқайырованы атқарған жұмыстарына және есебіне алғыстарын білдіріп,
алдағы уақытта кәсіподақ жұмысын жандандырып, одан әрі күшейтуге ықпал
ететініне сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.