Астана қаласы денсаулық сақтау ұйымдарының он екінші Спартакиадасы
Бүгін «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100-жыл толуына орай және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында Астана қаласы денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы он екінші Спартакиада салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатында құттықтау сөзді «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы Бақытжан Тәжібай сөйледі. Ол командаларға сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Алғашқы жарыс Астана қаласының орталық саябағында ерлер мен әйелдер арасында Шаңғы тебуден өтті. Өтінімдерге сәйкес жарысқа 23 команда қатысты. Жарыс жолына шыққандар өздеріне тиесілі қашықтықта өнер көрсетті. Әйелдер арасында 1 шақырым, ал ерлер арасында 2 шақырымда бақ сынады. Жарыстың нәтижесі бойынша, жалпы командалық есепте бірінші орынды – Ұлттық нейрохирургия орталығы командасы, екінші орынды – № 2 Көпбейінді қалалық аурухана командасы және үшінші орынды – Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы иеленді.
Жарыс қорытындысында жеке есепте үздіктер төмендегідей анықталды:
Әйелдер арасындағы жеке есепте:
1 орын – Ерастова Елена Сергеевна (№ 2 Көпбейінді қалалық аурухана),
2 орын – Джумабаева Айнур Муратовна (Ұлттық нейрохирургия орталығы),
3 орын – Ырымбаева Назигуль (Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы).
Ерлер арасында жеке есепте:
1 орын – Никитин Илья Владимирович (Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы),
2 орын – Исмангалиев Аян Канатбаевич (Ұлттық нейрохирургия орталығы),
3 орын – Аманжолов Еркебулан Даулетович (№ 2 Көпбейінді қалалық аурухана).
Жарыс жеңімпаздарына «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының дипломдары, кубоктары және сыйлықтармен марапатталды.
Биыл, Астана қаласы денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы Спартакиада-2023 спорттың он түрінен: шаңғы, шахмат, боулинг, үстел теннисі, ерлер және әйелдер арасында волейбол, мини-футбол, гір спорты, жеңіл атлетика және арқан тартудан өткізілетін болады. Спартакиадаға бастауыш кәсіподақ ұйымдары жалпы «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құрамына кіретін елордадағы медициналық ұйымдардың 50-ден астам командалары қатысады. Бұл іс-шара салауатты өмір салты ретінде дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттауға және денсаулық сақтау қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту, жоғары жұмыс қабілеттілігін қолдау және денсаулық сақтау ұжымдары арасында достық спорттық байланыстарды нығайту, қалалық жарыстарға, турнирлерге қатысу үшін мықты спортшылар мен командаларды анықтау мақсатында өткізіледі.
Іс-шара Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Астана қаласы филиалының ұйымдастыруымен өткізіледі.